ШҚО әкімдігі алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды ескертті
stopfake.kz
Кейінгі кезде әлеуметтік желілерде орталық және жергілікті мемлекеттік мекеме басшылары атынан жалған парақша ашып, түрлі сылтаумен жұрттан көмек сұрайтындар көбейді.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өңір тұрғындарына алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін абай болуды ескертті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары! Соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орталық және жергілікті мемлекеттік мекеме басшылары атынан фейк парақша ашып, түрлі сылтаумен (көбінесе қарызға ақша алу) көмек көрсетуді сұрап, хабарлама жіберген жағдайлар көбейіп кетті. Осы орайда алаяқтардың арбауына түспеулеріңізді және осындай хабарлама алған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды сұраймыз» деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз