Мемқызметкерлер атынан фейк парақша ашатындар көбейді
фото: depositphotos.com
Соңғы кезде әлеуметтік желілерде мемлекеттік мекеме басшылары атынан фейк парақша ашатындар көбейіп кетті.
Жалған аккаунт иелері көбінесе қаржылай көмек сұрап хабарлама жібереді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің өкілдері тұрғындарды мұқият болуға шақырды.
«Олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде орталық және жергілікті мемлекеттік мекеме басшылары атынан фейк парақша ашып, түрлі сылтаумен (көбінесе қарызға ақша алу) көмек көрсетуді сұрап, хабарлама жібереді. Мұндайда алаяқтардың арбауына түсіп қалмай, бірден құқық қорғау органдарын хабар беру керек», - деп ескертті облыс әкімдігінен.
Оқи отырыңыз