KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
475.18 510.72 5.47

Өскеменде 42 көпқабатты үйдің сыртқы қасбеті жөнделеді

29.06.2024, 16:00 52 Назерке Каримова

Бұған дейін биыл облыс орталығындағы 34 үйдің қасбеті жөнделеді деп жоспарланған.

Қазір бюджет қаражатын үнемдеу есебінен жөнделетін үйлер 42-ге жетті, алдағы уақытта саны артуы да ғажап емес, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Назарбаев көшесіндегі 6 үй, Шәкәрім көшесінде 14 үй, Қазақстан көшесіндегі 16 үй, Бейбітшілік, Нұрмағамбетов көшелеріндегі көпқабатты үйлер күзге дейін жөнделіп бітуі керек.

Қазір Сағадат Нұрмағамбетов көшесіндегі 36, 40, 44, 48-ші үйлердің сыртқы қасбетін жөндеу жұмыстары басталды. Бұл үйлерге күрделі емес, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Яғни, үй қасбетінің бүлінген тұсы қырылып, қайта сыланады, боялады. Бірінші қабаты сарғыш түске, жоғарғы қабаттар ашық сары түске боялады.

- Жұмыстарды "ВК Регион" ЖШС мердігер компаниясы бастады. Барлық жөндеу жұмыстары 28 шілдеге дейін аяқтауы керек. 3 жыл кепіл мерзімі бар, бүлінсе өз қаражаттарына жөндеуге міндетті болады. Бұл үйлер 1950 жылдары бой көтерген. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы сырты жөндеу көрмеген көрінеді, - деді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Амантай Бақыт.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив