KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

Биыл 32 үйдің қасбеті жөнделеді – Өскемен

10.08.2023, 15:49 354 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығындағы бірқатар тұрғын үйдің қасбеті жаңартылатыны туралы жазған едік.

Қала әкімі биыл 32 үйдің қасбеті жөнделетінін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.  

Бүгінге дейін жиырма бір ғимарат жөнделген. Қазір алты үйдің қасбеті әрленіп жатыр.

– Қаладағы 100 үйдің қасбетін жөндеу жоспарланған болатын. Биылғы маусымда 32 үй жөнделеді. Қалғанын келер жылға жоспарлаймыз. Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан үйлерді қосқанда 27 үй дайын десек болады. Тағы 5 үйге қаражат бөлінді. Олардың жөндеу жұмыстары жақын арада басталады. Қазіргі жұмыстарды алматылық мердігерлер істеуде, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Сонымен қатар әкім тек Назарбаев даңғылындағы үйлер ғана емес, орталық аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің де қасбетін жөндеу жоспарда бар екенін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив