Назарбаев даңғылындағы үйлердің қасбеттері жөнделіп жатыр – Өскемен
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, осы жазда барлығы 21 үй жөнделеді.
Үш жылда 100 үйді жөндеу жоспарлануда. Назарбаев даңғылындағы үйлер бірінші кезекте. Өйткені олардың қасбеттері шұғыл жөндеуді қажет етеді әрі өткен ғасырдың ортасында салынған ескі үйлер, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Биыл Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойында орналасқан 3,5,7,9,11,2,6,8,10,12,14, 18, 20, 51, 62, 64, 70, 72, 74 мекенжайындағы үйлердің қасбеттері жөнделеді, сондай-ақ Потанин көшесіндегі 13 және 17 үйлер де бар.
Алдағы екі жыл ішінде Қазақстан және Потанин көшелеріндегі үйлердің қасбеттерін жөндеу жоспарланып отыр.