Өскеменде тек екі жерде халыққа суға түсуге рұқсат етілген
Өскемен қаласының ТЖБ қызметкерлері полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен қаладағы халық суға түсетін орындарды аралап, рейдтер жүргізуде.
Мамандар азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертіп, ақпараттандыру парақшаларын таратады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Облыс орталығында халықтың суға түсуіне рұқсат етілген тек екі су айдыны бар: Көгілдір көлдер аймағы (Этнопарк) және «Самал» саябағы маңындағы су айдыны. Бұл демалыс аймақтары арнайы қауіпсіздік құралдарымен қамтылған, құтқарушылар жиі тексеріс жүргізеді. Бұдан басқа су айдындарында ағыс қатты, құтқарушылар жүрмейтіндіктен суға түсуге қауіпті, - деп хабарлады Өскемен қалалық ТЖБ.
Құтқарушылар азаматтарға қауіпсіздік ережелерін сақтауды қатаң ескертеді:
* су айдындарында балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
* ішімдікке мас күйде суға түсуге болмайды;
* тек арнайы жабдықталған жағажайларда суға түсу.
Оқи отырыңыз