Шығысқазақстандық құтқарушы республикалық жарыста үздіктер қатарынан көрінді
ШҚО ТЖД
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» Кубогына I турнир аяқталды.
Ерлер мен әйелдер арасындағы сайыстар 25-28 маусым аралығында Астана қаласындағы «Құтқарушы» спорт кешенінде өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
- Турнирге 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан қысқы чемпионаттың қорытындысы бойынша ерлер арасындағы үздік 52 спортшы және әйелдер арасындағы үздік 32 спортшы қатысты. Турнир екі пән бойынша өтті: шабуыл сатысымен көтерілу және 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-қабатына көтерілуде ерлер арасында шығысқазақстандық Максим Черносвитов жүлделі 3-орын алды.
Оқи отырыңыз
Шығысқазақстандық өрт-сөндіру құтқару спорты бойынша жаңа рекорд орнаттыШҚО құтқарушылары халықаралық жарыстан жүлделі оралдыШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат өз мәресіне жеттіШҚО-да өрт-құтқару спорты бойынша чемпионат өттіШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ел чемпионаты басталды