KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 3 м/с, С
481.19 538.45 5.18

ШҚО құтқарушылары халықаралық жарыстан жүлделі оралды

21.05.2024, 10:45 127 Ержан Әбіш

17-20 мамырда Ресейдің Волгоград қаласында ерлер мен әйелдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша халықаралық жарыс өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Әзірбайжан, Ресей спортшылары қатысты.

Қазақстаннан 20 спортшы қатысты, ішінде жерлестеріміз Максим Черносвитов, Мақсат Романов, Николай Буторин, Валерия Поволодская болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шабуыл сатысымен мұнараға көтерілу бойынша ерлер мен әйелдер құрамалары 3-ші орынға ие болды. Мақсат Романов 13,89 секунд нәтиже көрсетті. Валерия Поволодская командаға 7,73 секундтық көрсеткіш берді.

Кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өтуде Қазақстанның ерлер командасы 3-ші орынға ие болды. Максим Черносвитов пен Николай Буторин 16,81 секунд нәтиже көрсетті.

4х100 м эстафетасында еліміздің ерлер құрамасы 57,8 секунд нәтижемен 4-ші орынды иеленді. Құрамада Мақсат Романов жүгірді.

Мотопомпадан қанат жаюда Қазақстан командасы 25,83 секунд нәтижемен 4-орын алды. Құрамында Николай Буторин, Мақсат Романов, Максим Черносвитов болды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы жалпыкомандалық 4 орынды, әйелдер командасы 3 орынды иеленді.

Бұл жарыстар 5-11 қыркүйекте Қытайдың Харбин қаласында өтетін әлем чемпионатына ұлттық құраманы қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.


Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив