KZ
Өскемен
пасмурно Штиль
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да ауыл тұрғындары үшін қазақ кинолары көрсетіледі

massaget.kz

7.07.2024, 18:00 171 Назерке Каримова

Ауыл тұрғындары мен лагерьлерде демалып жатқан балалар үшін тегін кинокөрсетілімдері ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ауыл мәдениетін жандандыру мақсатында жергілікті жерлерде Шығыс Қазақстан облыстық шығармашылық ұжымдарымен концерттер өтіп, спектакльдер қойылуда.

Ендігі кезекте ШҚО мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындары мен жаздық лагерьлерде дем алып жатқан балалар үшін кинофильмдер көрсету жоспарланып отыр.

Көрермендердің жүрегіне жол тартқан, көпшіліктің көңілінен шыққан қазақ кинолары тегін көрсетіледі:

  • 11.07.2024 сағат 19.00-де «Дарын» балалар лагерінде
  • 12.07.2024 сағат 19.00-де Белоусовка ауылында
  • 13.07.2024 сағат 19.00-де Глубокое ауылында
  • 16.07.2024 сағат 19.00-де Полянское ауылында
  • 17.07.2024 сағат 19.00-де Алтай қаласында
  • 24.07.2024 сағат 19.00-де Самар ауылында
  • 25.07.2024 сағат 19.00-де Сарыбел ауылында

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив