KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 3 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

Өнер керуені Самарға аялдады

3.06.2024, 11:11 114 Айжанат Бақытқызы

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында «Ертіс концерт» өнерпаздары 3-5 маусым аралығында «Ауыл кеші көңілді» атты гастрольдік сапармен Самар ауданында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Мәдениет басқармасының ақпараты бойынша, гастрольдік сапардың мақсаты - ұлттық өнерді насихаттау және жастардың өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Самар ауданының мәдениет үйлерінде «Ертіс концерт» КМҚК «An.Sal.Dar.» тобының, «Алтай» халық би ансамблі мен солисттерінің «Ауыл кеші көңілді» атты гастрольдік концерттері өтеді.

Концерттік бағдарлама:

3 маусым

  • сағат 13:00 Көк-Жыра ауылы
  • сағат 16:00 Самар ауылы

4 маусым

  • сағат 11:00 Аққала ауылы
  • сағат 13:00 Мариногорка ауылы
  • сағат 16:00 Жұмба ауылы

5 маусым

  • сағат 11:00 Қаракөл ауылы
  • сағат 13:00 Подгорное ауылы
  • сағат 16:00 Миролюбовка ауылы

Концертке кіру тегін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив