KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 5 м/с, С
473.95 513.38 5.5

Күршім ауылында жылу құбырлары жөнделіп жатыр

Фото: depositphotos.com

11.07.2024, 10:48 143 Ержан Әбіш

Күршім ауданының орталығында тозығы жеткен жылу желілерін жөндеу басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, құбырлардың тоттануы, тесілуі және жарылуы салдарынан жылу азайып, қыста ғимараттардағы ауа температурасы төмендеп келген.

– Әлеуметтік нысандар мен көпқабатты үйлерді сапалы жылумен қамту үшін мердігер ұйым 1,8 км құбырды (тозуы – 97%) жөндеуде. Бұл жұмыстарды дер кезінде аяқтау тұрғындарды тұрақты жылумен қамтуға, әлеуметтік тұрақтылықты арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар бұл жұмыстар Күршім ауылының жылу жүйесіндегі технологиялық апаттардың қаупін азайтады, – деп жазылған аталмыш басқарманың Instagram желісіндегі ресми парақшасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив