KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 6 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

ШҚО-дағы жылу желілерін жаңғырту жоспары қайта қаралмақ

pexels.com

11.02.2024, 12:20 154 Назерке Каримова

Өңірдегі жылу желілерінің әбден тозығы жеткендіктен жұмыстарды қазірден бастау керек.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев ШҚО құрылыс, энергетика және ТҮКШ алдына осындай тапсырма қойды, деп  хабарлайды Altainews.kz сайты.

- Жылу желілерінің 60,7 пайызы тозып кеткен. Бұл өте қауіпті, апатты зардаптарға әкелуі мүмкін. Сондықтан бірінші кезекте қай жердегі желілерді жөндеу және қайта құру қажет екенін анықтау қажет. Барлығын толықтай аралап шығыңыздар. Ағымдағы жылыту маусымын апатсыз аяқтау үшін не істеуіміз керек? Ешқандай мәселе туындамас үшін келесі жылыту маусымына дайындықты қазірден бастау керек, - деп атап өтті облыс басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысы нәтижесі бойынша кеңесте.

Сонымен қатар облыс әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне инженерлік-коммуналдық шаруашылық саласындағы инвестициялық жобаларға қатысты барлық мәселелерді мұқият қарастырып, Шығыс Қазақстан облысының әрбір ауданындағы жылумен қамту нысандарына аудит жүргізу қажеттігін баса айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив