ШҚО-дағы тау басындағы көлдерге аэровизуалды тексеру жүргізілді
ШҚО ТЖД
ШҚО ТЖД және Қазселденқорғау мамандары "Қазәуеқұтқару" тікұшағымен Катонқарағай ауданының Сарымсақты өзені бассейнін әуеден барлап өтті.
Мұнда 2500 метрден астам биіктікте мұздықтардың еруі нәтижесінде пайда болатын 19 мореналық көл бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Сел қаупі бар кезеңде "Қазселденқорғау" ШҚО филиалының мамандары олардың жай-күйін, толымдылығын және сел және сырғыма ағындарын қалыптастыратын факторларын барлау үшін оларды жерден және әуеден бақылайды.
Шығыс Қазақстан облысының тауларында барлығы 144 мореналық көл бар, олар 11 елді мекенге қауіп төндіретін 13 сел ошағын құрайды. Ең көп мореналық көлдер Зайсан, Катонқарағай аудандарында және Риддер қаласында қалыптасады.