ШҚО-да сел жүру қаупі бар жерлер тексерілді
Фото: gov.kz
ШҚО ТЖД өңірдегі мореналық көлдерді тексеру жүріп жатқанын жариялады.
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары Сарымсақты өзенінің аумағындағы теңіз деңгейінен 2360-2600 метр биікте орналасқан көлдерде батиметриялық зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Судың тереңдігін өлшеу үшін қайыққа орнатылған «Эхолот» қондырғысы қолданылған. Батиметриялық зерттеулердің нәтижесі белгілі болғаннан кейін есептеу жүргізіледі.
Сел қаупі кезеңі басталғалы бері көшкін мен сел жүру қаупі бар жерлерде 154 тексеру жүргізілген. ШҚО ТЖД дерегінше, облыста сел жүруі мүмкін 13 нүкте бар. Олар Катонқарағай, Зайсан, Алтай аудандары мен Риддер қаласының маңында орналасқан.