ШҚО-да еріген қар суы қауіп төндіруі мүмкін өңірлері аталды
Фото: ШҚО ТЖД
Зайсан, Катонқарағай және Риддер маңында сел жүру қаупі жоғары. Шығыс Қазатсан аумағындағы тауларда барлығы 13 елді мекенге қауіп төндіретін 144 мореналық көл бар. Қауіптің алдын алу мақсатында мореналық көлдерге аэровизуалды зерттеу жүргізген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Күннің ыстығында тау суынан келер қауіптің алдын алу мақсатында «Қазселденқорғау» мамандары Бұқтырма, Берел өзендері бассейндерін, Сарымсақты өзені бассейнін тікұшақпен барлап шыққан.
Ең көп мореналық көлдер Зайсан, Катонқарағай аудандарында және Риддер қаласы маңында орналасқан. Бүгінгі таңда облыс бойынша жалпы жағдай тұрақты.