Ералы Тоғжанов: Импорттық азық-түлік – елден кеткен қаржы
«Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруда ведомствоаралық байланыс тығыз болуы керек. Бұл туралы Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжановтың Шығыс Қазақстан облысы ауыл-аудан әкімдерімен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Ауыл аманаты» ауылға бағытталған бағдарлама екен деп өзге құзырлы органдар ысырып қойып қарап отырмауы керек. Мәселен, бағдарлама аясында өтінім беруші жоба жасап несие алуға өткізбес бұрын, ауыл әкімінің стратегиялық жоспары болуы шарт. Сондай-ақ аудандардың экономика бөлімдері ауылдың қажетін, сұраныс пен ұсыныстың қандай болу керегін, жоба жүзеге асқан соң оның өнімін кімдер тұтынатынын, өнім қайда сатылатынын талдауы керек.
– «Ауыл аманаты» – ауылды сақтауға, ауылдықтардың жағдайын жақсартуға бағытталған үлкен жоба. Сырттан әкелініп жатқан азық-түлік – елден кетіп жатқан қаржы. Сондықтан шамамыз келгенше сол өнімдерді өзімізде шығару керекпіз, – деді Е. Тоғжанов.
«Ауыл аманатының» мақсаты – ауылдағы жұмыссыздық мәселесін шешу, ауылдықтарды отандық өнім шығаруға жетелеу.