Ауыл Аманаты: қаладан ауылға көшіп барып, бес жүз қой бағып отыр

Фото: Абзалбекова Анель
Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатанды жүзеге асырылып келе жатқан «Ауыл Аманаты» бағдарламасының тиімді тұсы көп. Оның пайдасын көріп жатқандар да бар. Солардың бірі – Индира Қалитова.
Тарбағатай ауданының Жаңауыл ауылына көшіп барған Индира Қалитованың отбасы «Ақдидар» шаруа қожалығын құрған. Бүгінде ««Ауыл Аманаты» бағдарламасы арқылы 27 млн теңге кредит алып мал өсіріп отыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі
Аталған бағдарлама арқылы несие алу шарты тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшері өте төмен. Несиенің мерзімі 5 жыл, ал мал шаруашылық саласы бойынша 7 жылға беріледі.
Бұл бағдарламаның пайдасын көріп жатқан ауыл тұрғындары көп. Өткен жылы бұл жобаға 1,5 млрд теңге бөлініп 94 жоба жүзеге асқан. Ал билы «Ауыл Аманаты» бағдарламасына 7 млрд теңге бөлінген.
Айта кетейік, «Ақдидар» ӘКК туралы және қой бағудың артықшылығы жайында кәсіпкермен кең көлемді сұхбат «Дидар» газетінде жарияланатын болады.