KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 0,6 м/с, СШ
480.63 535.13 5.27

Өскеменде Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

10.08.2024, 12:00 162 Назерке Каримова

Өскеменде Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімге Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев пен зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Бүгін Қазақстан халқы үшін ерекше күн. Шынында да, бұл күні біз ұлы Абайдың тұлғасына құрмет көрсетеміз, көрнекті ақыннан рухани қолдау табамыз. Біздің парызымыз - Абайдың осы өсиетін орындау. Сондықтан «Жаңа Қазақстанды» өркендету үшін Абайдың даналық ғибраттарын ісімізде, қарекетімізде, ойымызда қолдануымыз керек, – деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев.


«Біріңді қазақ бірің дос, Көрмесең, істің бәрі бос» деген қазақтың бас ақыны Абайдың   ғибраттарын, кемеңгерлік кеңестерін өмірімізде лайықты пайдалануымыз қажет екенін атап өтті Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев.

– Абайдың қара сөзін, өлеңдерін алсаңызда тереф философия, адам болып қалу мағынасы жатыр. Қазір еліміздегі халықтың бір ғана қағида мен  өмір сүруі керек. Ол адам болып қалу. Оның ішіне адамгершілікте, ізгілікте, иман кіреді. Міне осылардың барлығын бойымызға дарытқанда барып, Абайдың аманаттарын орындауға көшеміз, – деді Әлібек Қаңтарбаев.


Еске салайық, Абай күні – Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Үкімет Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленді. Бұл мереке 2020 жылы аталып өтілген Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қарсаңында бекітілді.

 

Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив