KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

ШҚО: 18 мыңдай адам ұлттық спортпен айналысады

Фото: depositphotos.com

12.08.2024, 14:52 87 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық артып, көрсеткіштер жақсарып келеді.

Қазіргі уақытта өңірде 17 837 адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады, оның ішінде 10 334-і ­– ауылдық жерлерде тұратындар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда мың адамға көп, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өткен жылы Ұлан ауданында өткен «Шығыс Салбурыны» халықаралық құсбегілік фестивалі – аймақтың ұлттық спорт саласындағы жетістіктерінің жарқын мысалы. Бұл шараға Қырғызстан, Түркия, Моңғолия, Қытай, Ресейден келген спортшылар қатысыg, халықаралық деңгейде кеңінен танылған фестиваль болды.

Биылғы ақпан-наурыз айларында облыста құсбегілік және тоғызқұмалақтан ел чемпионаттары өткізілді. Бұл чемпионаттар да ұлттық спорт түрлерінің дамуына және олардың ел ішінде кеңінен таралуына зор үлес қосуда.

Шығыс Қазақстан облысы ұлттық спорт түрлерін насихаттап, олардың мәртебесін арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу