Шығыс Қазақстанда халықтық спорт ойындары қайта жанданады
Шығыс Қазақстан өңірінде ұлттық спорт түрлері қанат жайып келеді. Әсіресе, бағзыдан жеткен баба дәстүр – құсбегілік пен атбегілікке қызығушылық жорғары, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазір облыста 17 мыңнан астам адам ұлттық спортқа ден қойған, олардың басым үлесі ауылды жерде тұрады.
Басқарма басшысының хабарлауынша, бұқаралық спортты дамытудың іс-шаралар кешеніне сәйкес биыл ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға басымдық берілмек. Оның ішінде әсіресе ерекше кейінгі бірнеше жыл бойы өткізілмей қалған халықтық спорт ойындарының қайта жаңғыруын атап өткен орынды. Сондай-ақ «Сәулетай» балалар ойындары мен мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өткізу сияқты бірқатар маңызды іс-шаралар бар.