Скринингтен өту үшін үш күндік демалыс алуға қақыңыз бар
Осы жылдың жеті айында Шығыс Қазақстанда тиісті халықтың 70%-дан астамы онкоскринингтен өтті. Зерттеу барысында 87 қатерлі ісік, 1500 обыралды ауру анықталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Көпсалалы онкология және хирургия орталығының өкілі Шолпан Нұрғалиеваның айтуынша, онкоскрининг кез келген патологияны анықтауға көмектеседі. Дәрігерлер қатерлі ісікті анықтауға ғана емес, қатерлі ісікке әкелуі мүмкін ауруларды диагностикалауға және емдеуге бағытталған. Осылайша, скринингтің мақсаты – халықты сауықтыру, өмір сүру ұзақтығын арттыру.
Сүт безі қатерлі ісігінің скринингі екі жылда бір рет ұсынылады. Әйелдер маммограммадан өтеді, оның көмегімен тіндердегі шамалы патологиялық өзгерістерді көруге болады. Колоректальды қатерлі ісік скринингі екі жылда бір рет жүргізіледі. Пациенттер нәжісте жасырын қанның болуын анықтауға мүмкіндік беретін гемокульт-тестан өтеді. Тест оң нәтиже бергенде, дәл диагноз қою үшін пациенттер колоноскопияға жіберіледі. Жатыр мойны обырына скрининг төрт жылда бір рет жүргізіледі. Әйелдерден жатыр мойнының қалыптан тыс жасушаларын анықтауға мүмкіндік беретін онкоцитологиялық жағынды алынады. Егер олар анықталса, қосымша тексеру тағайындалады.
Онкоскринингтер емханаларда жүргізіледі, олар МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар үшін қолжетімді.