KZ
Өскемен
-21°
туман жел 1 м/с, С
524.66 550.21 5.09

Жыл басынан бері ШҚО-да 317 заңды тұлға таратылды

15.08.2024, 14:15 149 Ержан Әбіш

Жыл басынан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы 317 заңды тұлғаның таратылуын тіркеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Заңды тұлғаны тарату рәсімі қандай кезеңдерді қамтиды? ХҚКО-ға қандай құжаттарды тапсыру қажет?

ЖШС-ны тіркеуден шығару тәртібі Азаматтық кодекспен реттеледі (50-бап). Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш ЖШС таратылғаны туралы хабарландыру газеттерде жарияланғаннан кейін 2 айдан кешіктірмей берілуге тиіс.

– «Азаматтарға арналған үкімет» ЖШС-ны таратуға арналған құжаттар топтамасын алған кезде рәсімді өткізу тәртібінің толық сақталғанын тексереді. Бұдан әрі Салық комитеті мемлекеттік корпорацияға таратылатын ЖШС-нің салық берешегінің болу-болмауы туралы мәлімет ұсынады. Өтінішті қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатуы реестрге тіркеледі, – дейді филиалдың заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының басшысы Әлия Дүзбаева.

Естеріңізге сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы ШҚО бойынша филиалының заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының мекенжайы: Сәтпаев даңғылы, 34/2, 1 қабат, 21 кабинет. Жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін қызмет көрсетеді, үзіліс – 13:00-ден 14:30-ға дейін.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу