KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
444.14 477.05 4.85

Өскемендегі ХҚКО-лар жаңа форматта жұмыс істеп жатыр

Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы

7.02.2024, 09:52 89 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы ХҚКО-лар жаңа форматта жұмысын бастады.

Басқа халыққа қызмет көрсету орталықтарынан жаңа форматтың айырмашылығы, қызмет алушының жұмысын жеңілдету үшін арнайы секторларға бөлінген. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Әр сектор жеке-жеке түспен белгіленген. Мәселен, қабылдау - көгілдір, жылдамдық аймағы - сары, дайын құжаттарды беру аймағы - жасыл, әлеуметтік қызметтер - қызғылт сары, құжаттама – қызыл, күлгін түспен азаматтар заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікті және басқада тіркеу сияқты дәстүрлі операциялық зал қызметтерін ала алатын жайлылық аймағы көрсетілген.

- Жаңартылғаннан кейін Қазақстан көшесі, 99/1 мекенжайындағы ХҚКО ашылды. Осылайша, қазір Өскемендегі барлық цифрлық ХҚКО-лар жаңа форматта жұмыс істей бастайды. Олардың барлығы Кайдзен қағидаты бойынша жобаланған, қажетті жабдықтармен жабдықталған және мемлекеттік қызметтерді тез әрі ыңғайлы алу үшін аймақтарға бөлінген, - дейді"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов.

Сондай-ақ   жаңғыртылған цифрлық орталықта ұйымдастыру техникасы жаңартылып, жаңа жиһаздармен жабдықталған.

Тұрғындар мемлекеттік қызметтерді Сәтбаев даңғылы 34/2, Қазақстан көшесі 99/1 және Белинский көшесі 37а мекенжайлары бойынша ала алады.        

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив