KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, ОБ
478.96 533.03 5.22

Биыл ШҚО мектептері 45 заманауи кабинетпен толығады

Фото: depositphotos.com

16.08.2024, 11:08 152 Ержан Әбіш

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстандағы 61 мектепте жаңа 400 кабинетке деген қажеттілік бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева мәлімдеді.

– Биыл 549,3 миллион теңгеге 45 пәндік кабинет сатып алу жоспарланған, оның 21-і жеткізілді. Атап айтсақ, 5 физика, 5 биология, 3 химия, 3 роботты техника, 4 STEM кабинеті. 1 қыркүйекке дейін тағы 12 кабинет, жыл соңына дейін 12 кабинет жеткізілуге тиіс, ­– деді білім басқармасының басшысы.

Ал 2025 жылдан 2029 жылға дейін тағы 210 жаңа модификация кабинетін сатып алу жоспарланған.

Бұл кабинеттер бірінші кезекте қажеттілік бар мектептерге жеткізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив