KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,5 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Шығыс Қазақстанда мореналық көлдерге зерттеу жүргізілді

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
25.08.2024, 12:00 94 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында 144 мореналық көлдер бар, олардың 30-ы Риддер қаласының маңында Громотуха өзенінің бассейнінде орналасқан.

Жер бедерінің тіктігі мен күрделілігіне байланысты салт атты "Қазселденқорғау" ШҚО филиалының Риддер ӨПБ қызметкерлері 8 көлге көзбен шолу, аспаптық тексеру және батиметриялық өлшеулер жүргізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.

- Зерттеу нәтижелері бойынша біздің қызметкерлер көлдердегі су деңгейі норма шегінде екенін анықтады. Эрозиялық үрдістер мен сырғыма көріністерінің ағын суларға әсері анықталмады. Сел жағдайы тұрақты. Көлдің бұзылу қаупі жоқ. Көлдердегі су деңгейін төмендету және босату бойынша шұғыл шаралар қажет емес, - деді "Қазселденқорғау" ШҚО филиалының басшысы Советбек Станбеков.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив