KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 3,2 м/с, ОШ
509.51 570.6 6.3

Өскеменде үрмелі аспаптар шеруі өтеді

pixabay.com

30.08.2024, 10:00 231 Назерке Каримова

Шеруге Алматыдан арнайы қонақтар шақыртылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- 30 тамыз күні, сағат 11.00-де Өскемен қаласының Республика алаңында үрмелі аспаптар оркестрінің шеруі өтеді. Шеруге Шығыс Қазақстан облысының үрмелі аспаптар оркестрі мен арнайы шақырылған  қонақтар -Алматы қаласының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының №5512 әскери бөлімінің оркестрі қатысады, - деп хабарлады ШҚО мәдениет басқармасы.


Сондай-ақ, сағат 12.00-де Арбатта I облыстық «Ертіс самалы» үрмелі аспаптар оркестрінің фестивалі өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу