KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
482.94 535.97 5.35

ШҚО-да ат спортынан республикалық ашық турнир басталды

19.07.2024, 16:02 146 Қызырбек Дүргінбайұлы

Шығыс Қазақстан облысында Паралимпиадалық және арнайы Олимпиадалық бағдарламалардың спортшылары үшін «Қазақстан Республикасы ат спорты федерациясының кубогына» арналған Ашық Республикалық турнир басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жарыс Өскемен қаласының іргесіндегі «Титан» ат спорты клубы мен жабық ат спорты манежінде өтіп жатыр. Оған Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының және Алматы, Астана қалаларының спортшылары қатысуда.

–Шығыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Паралимпиадалық және арнайы Олимпиадалық бағдарламалардың спортшылары үшін «Қазақстан Республикасы ат спорты федерациясының кубогына» арналған Ашық Республикалық турнирге мүмкіндіктері шектеулі 40-қа жуық шабандоз қатысып жатыр. Жалпы мұндай жарыстар мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігі шексіз екенін көрсетіп, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, – дейді бас төреші Руденко Екатерина.

Бұл жолғы сайысқа ҚР Ат спорты федерациясы «Ақ Тай» мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қоры», «Қазмырыш» ЖШС қаржылай қолдау көрсетіп, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырып жатыр. Жарыс екі күнге жалғаспақ.

–  Мен осындай республикалық  жарысқа үшінші рет қатысудамын. Маңғыстаудан келіп дайындалып жатқанымызға он күндей болып қалды. Әр жарысқа қатысқан сайын қызығушылығым артып, жеңіске жетіп келемін. Атқа міну біржағы спорт болса, біржағы денсаулыққа тигізер пайдасы зор. Сондықтан барша халықты ат спортымен айналысуға шақырамын. Сайысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеймін, – дейді маңғыстаулық спортшы Ерқанат Қарымсақов.

Айта кету керек, бұл  мүмкіндігі шектеулі шабандоздар үшін Қазақстанда өткізілетін жылдың жалғыз жарысы. Ат спорты сайысы қатысушылардың мүмкіндігіне қарай бірнеше топқа бөлініп өткізіледі. Ал осы жолы облысымызда өтіп жатқан республикалық сайыс спортшыларға алдағы ҚР чемпионаты алдында өз күштерін сынап көруге мүмкіндік беріп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив