KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
520.02 608.79 6.57

Үлкен Нарын: аудан экономикасының серпіні мен даму жоспары

Бүгін, 10:30 43 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысы биыл да әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтап келеді. Он айдың қорытындысы бойынша өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,6% болып қалыптасты. Жалпы 25 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, оның 19 мыңы тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Орташа жалақы көлемі 9,5%-ға өсіп, 403 мың теңгеге жетті, деп хабарлайды Altainews.kz.

Президент жүктеген — 2029 жылға дейін экономикалық өсімді екі еселеу міндеті аясында облыс экономикасын әртараптандыруға айрықша назар аударылып отыр. Өңірлік жалпы өнім құрылымында өнеркәсіп жетекші орынға ие болғандықтан, бұл бағыттағы жобалар жүйелі түрде жалғасуда.

Ауданның дамуына серпін беретін 5 жылдық жоспар іске асырылып жатыр. Жалпы инвестиция көлемі – 12,6 млрд теңге. Бұл қаражат, әсіресе, туризм мен шағын кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Аудан аумағында бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда:

  • «Приморск» туристік базасы кеңейтілді;
  • 24 орындық хостел, ет өңдеу цехы, шағын қонақүй және наубайхана ашылды;
  • пантымен емдеу орталығының құрылысы жалғасып жатыр.

Бұл нысандар жергілікті экономиканың жаңа драйверіне айналып, туризмнің тартымдылығын арттырып, шағын бизнеске тың тыныс беріп отыр.

Жиында аудан әкіміне салықтық базаны ұлғайту, бюджетке қосымша кіріс көздерін табу және экономикалық белсенділікті арттыру бағытындағы жұмысты күшейту тапсырылды.

Үлкен Нарын үшін бұл кезең – жаңа жобалар, жаңа жұмыс орындары және жаңа мүмкіндіктер кезеңі. Ауданның тұрақты дамуы бүкіл өңірдің экономикалық әлеуетін көтеруге үлес қосатыны сөзсіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу