«Мамай-Батыр – Бозанбай» бағытында қозғалыс уақытша тоқтатылды
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты автожолдарда шектеулер қойылуда, деп хабарлайды Altainews.kz.
«ОблШығысЖол» ЖШС мәліметінше, 12 желтоқсан күні сағат 18:00-ден бастап облыстық маңызы бар «Мамай-Батыр – Бозанбай» автожолының 12–36 шақырым аралығы барлық санаттағы автокөлік үшін жабылды.
Мамандар жүргізушілерді ауа райы жақсарғанша сапарды кейінге қалдыруға, жолдағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Оқи отырыңыз