KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

ШҚО-да 19 қыркүйекте үсік жүреді

dzen.ru

19.09.2024, 12:00 117 Айжанат Бақытқызы

Қазақстанның басым бөлігінде 19 қыркүйекте кең ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

«Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің жылжуы әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Республика бойынша көрініс табатын ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы.

«ШҚО, СҚО, сондай-ақ Абай облысында, Ақмола өңірінің солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, Павлодар өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, Жетісу облысының таулы аудандарында күн суытып, сынап бағаны -1-ден -6°С дейін төмендейді, үсік жүреді деп күтіледі»,-деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Гидрометорталық Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу өңірінің батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, Жамбыл өңірінің оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болатынын айтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив