АЭС салу - энергия тапшылығы мәселесін шешу жолындағы маңызды қадам
Глубокое ауданында қатысқан АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штабтың мүшелері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутатары Ерлан Саиров және Ұлықбек Тұмашинов «Убинка XXI» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті.
Қазақстан энергетикасының болашағында аса маңызды рөл атқаратын АЭС салу мәселесі бойынша алдағы референдумды талқылау басты назарда.
Кездесу барысында депутаттар атом энергетикасы — бұл елдің тұрақты дамуына жол ашатын нақты бастама деді.
Депутаттар сондай — ақ атом электр станциясының құрылысы-бұл жаңа жұмыс орындары, технологиялық инновациялар және елдің экономикалық өркендеуіне қосқан үлесі екенін атап өтті.
Олар әр азаматты референдумға қатысуға шақырды, өйткені елдің болашағы біздің бүгінгі таңдауымызға байланысты.