KZ
Өскемен
+3°
туман жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

ШҚО-да «Чекті талап етіп жүлде ұтып ал!» акциясы өтуде

18.09.2024, 15:10 110 Айжанат Бақытқызы

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 4 қыркүйектен 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясын өткізуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон және басқа да бағалы сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. 

Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді «Amian» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. 

Акцияға тек деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектері (онлайн БКМ) қатысады. 

«Акцияны өткізудің мақсаты - азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыра отырып, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту»,-деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі. 

«Amian» қосымшасын App Store және Play market-тен тегін жүктеуге болады. 

Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив