Алимент төлемейтін, бірақ құмар ойынға ақша аямайтын әкелер бар
pixabay.com
Алматы облысында құмар ойындарға 426 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған 157 борышкер анықталды.
Алматы облысының прокуратурасы осындай «көкек» әкелермен күресуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Борышкерлер алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін елемей, бірақ букмекерлік кеңселерде құмар ойындар ойнаған, - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы. - Мысалы, алимент бойынша бір миллион теңгеден астам қарызы бар бір ғана борышкер өзінің шотын 24 миллион теңгеден астам сомаға толықтырды.
Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде бүгінде құмар ойнына салынған 31 адам 38 миллион теңгеден астам сомаға алимент бойынша қарыздарын өтеді.
- 6 борышкерді алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда. Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасуда, - делінген хабарламада.
Прокурорлар борышкерлерге алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық (ҚК 139-бабы) жауапкершілік бар екенін ескертеді.
Оқи отырыңыз