KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
485.04 525.98 5.04

Сенаторлар күршімдіктермен жолықты – АЭС

24.09.2024, 17:12 109 Ержан Әбіш

Мемлекет басшысының биыл 6 қазанда АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы мәлімдемесіне орай Парламент депутаттары өңірлерге сапарлап, тұрғындармен кездесу өткізуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сейсенбі күні Күршім ауданына Сенат депутатары Шәкәрім Бұқтұғұтов пен Ольга Булавкина арнайы барып, тұрғындармен жүздесті. Тұрғындардың еліміз үшін АЭС салудың экономикалық тиімділігі қандай, қай өңірде салынуы мүмкін, тұрғындарға қауіпті емес пе, кадр тапшылығы болмай ма деген сауалдарына нақты жауап берілді. Сонымен қатар АЭС-ті қай елдер салуы мүмкін деген сауалға да жауап алынды.

Депутат Ш. Бұқтұғұтов АЭС салуға қаржы қайдан қарастырылады, мөлшермен қай уақытта құрылыс басталады, қай қалада салынуы мүмкін деген сауалдарға жауап берді. 

О. Булавкина шетелдегі АЭС-тердің тиімді жақтарын тілге тиек етіп, АЭС салу жобасы мақұлданған жағдайда шамамен құрылысы 10 жылға созылатынын, арнайы заң қабылданатынын да алға тартты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив