Сенаторлар ШҚО шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесті
Фото: senate.parlam.kz
Парламент Сенатының депутаттары Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында болды, деп хабарлайды Altaynews Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенаторлар сапар барысында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті және жергілікті жердегі өзекті мәселелерді талқылай келіп, Палата жұмысының қорытындылары туралы хабардар етті.
Аудандағы шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесуде олардың сұрақтарын тыңдады және ауыл шаруашылығы саласы бойынша қаралып жатқан заң жобалары туралы айтып берді.
Депутаттар Шемонаиха ауданындағы кездесулерде көтерілген барлық проблемалық мәселелер назарда ұсталатынын атап өтті.