KZ
Өскемен
-12°
небольшой снег жел 5 м/с, З
514.74 599.36 6.71

«Шығыс салбұрыны» фестивалі қашан өтеді? – ШҚО (видео)

Фото: depositphotos.com

25.09.2024, 10:00 341 Ержан Әбіш

12 қазанда Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы Бүркіттөбе алаңында «Шығыс салбұрыны» халықаралық фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бірегей оқиға халқымыздың дәстүрі мен бай мәдениетін бағалайтын адамдарды біріктіреді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Фестивальға Қазақстанның түкпір-түкпірінен бүркітшілер, сондай-ақ бес шет елдің өкілдері қатысады деп күтілуде.

Фестиваль бағдарламасы қызықты әрі мазмұнды болмақ. Аңшылық десе, жарыс десе, ішкен асын жерге қоятын әуесқойлар бүркітпен аң аулау бойынша тартымды тартыстарды тамашалап, жүйрік тазылар жарысына куә болмақ. Сондай-ақ көшпенділердің ежелгі дәстүрі – асау жылқыларды үйрету барысын да көре алады. Бұл шабандоздар үшін нағыз батылдық пен ептілік сынағы болатыны сөзсіз. Ал мұндай қарқынды емес спорт түрлерін қалайтындар садақ ату шеберлігін үйрене алады.

Жалпы, «Шығыс салбұрыны» фестивалі – дүбірлі думан ғана емес, көшпенділердің тарихы мен дәстүрлерін сезіну мүмкіндігі. Бұл сондай-ақ мәдени мұрамыздың ажырамас бөлігі болып табылатын дәстүрлі спорт түрлерін Шығыс Қазақстанда дамытудағы маңызды қадам.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу