KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 5 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

Халықаралық тәжірибедегі медиация талқыланды

Бүгін, 11:30 2 Айжанат Бақытқызы

ҚАЕУ қабырғасында шетелдің білікті мамандарының қатысуымен халықаралық тәжірибедегі медиация мен жанжалдарды шешу жолдары талқыланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

 Қазақстан-Американдық еркін университетінің 30 жылдық мерейтойы аясында университетте «Халықаралық тәжірибедегі медиация мен жанжалдарды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел форматында іс-шара өтті.

Қазақстанда 2011 жылы  «Медиация туралы» Заң  қабылданып, сол кезден бері көптеген даулы мәселелер үшінші, бейтарап жақтың қатысуымен сотқа дейін реттеліп келеді. 

Медиация азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ, ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер туындаған дауларда қолданылады. С. Аманжолов атындағы ШҚУ құқықтану ғылымының докторы, құқықтану кафедрасының профессоры Елена Калиакперова, халықаралық тәжірибедегі медиацияны талқылауға келген барша қатысушыларға Қазақстандағы медиация Заңы туралы қысқаша түсінік берді.

"Қазақстандағы медиацияның негізгі нормативтік құқығы «Медиация туралы» Заң болып табылады.  Ол медиатордың мәртебесін және медиация жүргізудегі принциптерді, рәсімдерді анықтайды. Медиацияны қолдану саласы азаматтық, еңбек, корпоративтік, коммерциялық және басқа да даулар болуы мүмкін.  Жедел азаматтық сот ісінің және ауырлығы орташа қылмыстық істің кез келген сатысында медиация көмегіне жүгінуге болады", - деп атап өтті Елена Калиакперова.

Іс-шараға құқықтану, психология, педагогика бағытында оқып жүрген студенттер қатысып, медиацияның әлеуметтік, экономикалық, құқықтық бағыттардағы қолдану аясы туралы ақпарат ала алды.

"Мен екі шет тілі мамандығының студентімін. Болашақта ағылшын тілі мұғалімі боламын. Мен бұл жиынға шетелдік мамандарды тыңдап, өзімнің тілді қолдану деңгейімді бақылау үшін келген едім. Бірақ бүгін медиация туралы естіп, медиацияның мұғалім өмірінде де қажет екенін ұқтым. Себебі оқушылар арасында түрлі даулы жағдайлар орын алады. Мен медиация туралы мүлде білмегенмін. Бұл мен үшін тың сөз, жаңа тақырып.  Бүгінгі жиында медиация туралы ақпарат алдым. Алдағы уақыттарда бұл сала туралы кеңірек ізденіп көргім келеді", - деп атап өтті ҚАЕУ студенті Жансая Қатарбаева.

Іс-шарада тыңдарман болған қатысушы жастарға жанжалды тудырмау және даулы мәселені шешудегі негізгі бағыттар сарапшылар дерегімен кеңінен тарқатылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив