KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, В
475.18 510.72 5.47

Өскеменде бір жылда 6 мыңға жуық іс медиация арқылы тоқтатылды

26.12.2019, 10:38 153

ШҚО-ға іссапармен келген Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге Өскемен қалалық сотында ашылып, нәтижелі қызмет көрсетіп жатқан татуластыру бөлмесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл жерде «Отбасылық сот» жобасының аясында кәсіби медиаторлар мен психологтардың көмегінің нәтижесінде сотқа жүгінген тараптар ортақ мәмілеге келіп, татуласып қайтады.

Мамандардың сөзінше, медиацияның әсіресе, жаңадан үйленген жастардың шаңырағын шайқалтпай, сақтап қалудағы үлесі өте зор.

Облыстық сот төрағасы Нұрлан Қайырбековтің айтуынша, Өскемен қалалық сотында биылдың өзінде ғана алты мыңға тарта іс медиация арқылы тоқтатылып, тараптар ортақ келісімге келген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив