KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

ШҚО-да туристік нысандарға апаратын барлық жолдар жөнделеді

Фото: depositphotos.com

30.09.2024, 14:30 98 Ержан Әбіш

2025 жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында өндірістік орталықтар мен туристік нысандарға апаратын шамамен 400 шақырым жол қалпына келтіріледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл туралы аймақ тұрғындарымен кездесу барысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

– Мемлекет басшысы ел бойынша кем дегенде 10 мың шақырым жолды орташа жөндеу бағдарламасын кеңейтуді тапсырды. Сапа бірінші орында. Барлық аймақтарда орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылатын жолдар анықталды. Мысалы, Шығыс Қазақстанда Алтай, Шемонаиха, Серебрянск сияқты өндірістік орталықтарға және Катонқарағай, Марқакөл көлі мен Рахман қайнарына апаратын жолдар жөнделеді, – деп атап өтті министр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив