KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 2 м/с, СБ
481.19 538.45 5.18

«Ақ қанат арман ақ құсым» шығармашылық кеші өтті

Бүгін, 09:30 0 Ержан Әбіш

Кітапхананың басты міндеттерінің бірі – ел ішіндегі кез келген қаламгердің баспадан шыққан жаңа кітабын, шығармашылығын оқырманға жан-жақты таныстырып, мейлінше насихаттау, жас буын өкілдеріне үлгі-өнеге етіп көрсете білу. Бұл туралы кітапхана қызметкері Рахия Уалханова белгілі ақын Ермек Дайырбаевтың шығармашылық кешінде  еске салды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қыркүйектің соңғы күні Өскемендегі Пушкин атындағы кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көптеген жыр мүшәйраларының жүлдегері, «Аягөз жаңалықтары» аудандық газетінің редакторы Ермек Дайырбаевтың «Ақ қанат арман ақ құсым» атты шығармашылық кеші өтті.

Кешке облыс орталығындағы жоғары, орта оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, сондай-ақ қаладағы зиялы қауым өкілдері қатысты.

Кешті жүргізген жазушы-публицист, Қазақстан Жазушылар одағы Шығыс бөлімінің директоры Әлібек Қаңтарбаев ақынның өмірбаяны мен шығармашылығына тоқтала келе кеш иесіне сөз берді.

 

Ермек Дайырбаев әр жылдары жазылған өлеңдерін оқып, оқырмандар сұрағына жауап берді.

Кешке көпшілікпен бірге ақынның анасы Сәуле апамыз да қатысып, кешті ұйымдастырған кітапхана ұжымына алғысын білдірді, ұлының өнерін құрметтеп келген жастарға аналық батасын берді.

 Серік ҚҰСАНБАЕВ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив