Риддер – Новосібір халықаралық теміржол қатынасы қайта жанданады
Фото: depositphotos.com
Қазақстан мен Ресейдің көлік министрліктері Риддер – Новосібір халықаралық теміржол қатынасын қайта жандандыру туралы келісімге келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Поездар 2024 жылдың 18 желтоқсанынан бастап әр төрт күн сайын жүре бастайды.
Новосібір – Риддер №407/408 халықаралық поезы Ресей темір жолдары тарапынан қызмет көрсетілетін 6 вагоннан тұрады (3 купе, 3 плацкарт), жалпы сыйымдылығы – 250 жолаушы. Шығысқазақстандықтардың өтініштері назардан тыс қалған жоқ.
Поездар ауа баптау және бейнебақылау жүйелерімен, биотуалетпен, мобильді құрылғыларды қуаттауға арналған розеткалармен, USB порттармен, әр орынға арналған жеке шамдармен және басқа да қажетті құралдармен жабдықталған.