KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, З
480.11 532.25 5.14

Алтай ауданында «Есірткіге жоқ деп айт!» акциясы өтті

Бүгін, 17:18 0 Ержан Әбіш

Алтай ауданының полицейлері «Заря Востока» газетімен бірлесіп, «Есірткіге жоқ деп айт!» атты жеңіл атлетикадан жарыс ұйымдастырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акцияны түрлі жастағы және мамандықтағы 500-ден астам қатысушы, яғни мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік қызметшілер, түрлі ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ мүдделі аудан азаматтары да қолдады.

Жарыс соңында жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар тәртіп сақшылары сыйлықтар және есірткіге қарсы ұрандар жазылған футболкалар мен бейсболкаларды табыстады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың есірткінің зияны туралы хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салты мен спортты насихаттау, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, сондай-ақ өскелең ұрпақтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыруға ықпал ету.

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив