ШҚО студенттері «Стоп наркотик!» челленджін бастады
Фото: depositphotos.com
Шығыс Қазақстанда студенттер есірткіге қарсы үлкен челлендж ұйымдастырды. «Студенттер есірткіге қарсы» акциясының ұйымдастырушылары – ШҚО полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Акция барысында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері «Стоп наркотик!» деген ұранмен челленджді бастап, есірткіге қарсылықтарын білдірді. Олар өз кезегінде эстафетаны С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттеріне табыстады.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері 170-тен астам есірткі қылмысын тіркеді, оның ішінде 77 сату фактісі анықталып, 130 килограмнан астам есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Сонымен қатар 200-ге жуық есірткі жарнамасы мен граффити суреттері жойылды.