Алаяқтар "Шығысэнерготрейд" қызметкері болып хабарласатын болған
freepik.com
Олар электр энергиясын есептеу құралдарын тегін ауыстырып беруді ұсынады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- Соңғы кездері белгісіз тұлғалардың өздерін "БЭСК" АҚ қызметкерлеріміз деп таныстыру фактілері жиілеп кетті, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. - Олар электр энергиясын есептеу құралдарын (электр есептегіштері) тегін ауыстыруды ұсынады және ол үшін SMS хабарлама арқылы алынған кодты сұрайды. Бұл азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізуге тырысатын алаяқтардың әрекеті. Азаматтардан өте сақ болуды және телефон арқылы жеке ешкімге ақпаратты бермеуді сұраймыз.
Осындай жағдайға тап болсаңыз, ақпараттың дұрыстығын анықтау үшін "Шығысэнерготрейд" ЖШС байланыс орталығына +7 (7232) 700-555 телефон номері бойынша хабарласуға болады.
- "БЭСК" АҚ теңгеріміндегі "ақылды есепке алу аспаптары (КЕАЖ)" - көрсеткіштерді автоматты түрде оқитын және тұрғындарды энергиямен жабдықтаушы ұйымға ай сайын ақпарат беру қажеттілігінен босататын құрылғы ғана тегін ауыстыруға жататынын ескеріңіз. Тексеру мерзімі өткен есепке алу аспаптарын тұтынушылардың өздері КСК немесе қызмет көрсететін ұйымға хабарласу арқылы ауыстыруы керек немесе есептеу құралын ауыстыру бойынша ақылы қызмет көрсету үшін "БЭСК" АҚ-ға хабарласу қажет, - делінген хабарламада.
Ескере кеткен жөн, "БЭСК" АҚ қызметкерлері барған кезде фотосуреті және ұйым мөрі бар белгіленген үлгідегі қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті.
Оқи отырыңыз