Cайрангүл Жұмаділова: «Келісіп пішкен тон келте болмас»
Облыс орталығындағы №26 орта мектепте дауыс берушілердің қатарында өз қалауын білдіруге AMANAT партиясы ШҚ облыстық филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмадилова келді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Бүгін еліміздің болашағы үшін халқымыз маңызды шешім қабылдайтын күн. Халқымызда «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген жақсы сөз бар.
Мемлекет басшысы ел болып талқылап, жұрт болып шешім қабылдау үшін осыдан тура бір ай бұрын референдум жариялады.
Мен де өзімнің азаматтық борышымды орындап, тиісті сайлау учаскесіне барып дауыс бердім. Отанымыздың дамуы мен халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы әрбір азаматтың дауысына байланысты. Барлықтарыңызды жоғары белсенділік танытуға шақырамын, – деді Сайрангүл Жұмаділова.

Барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 7.00-ден ашылды, кешкі 20.00-ге дейін сайлаушыларға қызмет ететін болады.
Оқи отырыңыз