KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО әкімі: “Референдум - демократияның базисі”

6.10.2024, 10:30 122 Ержан Әбіш

Облыс әкімі Ермек Көшербаев Өскемен қаласының №42 орта мектебінде орналасқан 9-шы референдум учаскесіне келіп дауыс берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Аталмыш референдум учаскесі өз жұмысын таңғы жетіден бастаған. Онда барлығы 2 041 адам тіркеліпті. Олардың 200-ден астамы алғашқы екі сағат ішінде өз таңдауын жасап үлгерген екен. Арасында аймақ басшысы Ермек Көшербаев та болды.

– Негізі, референдумды  демократияның базисі деп түсіну керек. Бұл – біздің ел үшін, ұлтымыз үшін маңызы зор оқиға. Жерлестеріміздің маңызды саяси науқаннан шет қалмай, дауыс беріп, азаматтық ұстанымын білдіруі біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды білдірсе керек, – деді облыс әкімі референдум учаскесінен шыққан бойда.

Айта кетейік, бұл күні референдум учаскесіне келушілерге барлық жағдай жасалды. Аймақтағы барлығы 538 учаскелік референдум комиссиясы аясында 3844 мүше жұмыс істеуде.

Дауыс беру кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да тиісті жағдай қарастырылған - 525 учаске бірінші қабатта орналастырылып, 492-сі пандустармен жабдықталған. Дауыс беру күні инватакси мәселесі де шешілді. 

Өңір басшысы халық үніне құлақ асатын мемлекет ретінде әр дауыс берушіге лайықты жағдай жасалуы аса маңызды екенін алға тартты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу