«X-Factor» финалисі референдумда дауыс берді
ШҚО «Үміт» балалар үйінің көркемдік жетекшісі, танымал «X-Factor» тележобасының финалисі Евгений Выблов АЭС құрылысына арналған референдумға қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Евгений Выблов бұл ел өміріндегі өте маңызды кезең екенін атап өтті.
Бүгін таңдау жасауға келдім. Бұл біздің энергетикамыздың болашағына байланысты ел дамуындағы маңызды кезең. Мен әрдайым сайлауға да, референдумға да барамын. Бүгін көңіл-күйім тамаша, - деді Евгений Выблов.
Сондай-ақ, ол ел ертеңі мен балалар болашағы әрбір қазақстандықтың дауысына байланысты екенін алға тартты.
Фото: Махаббат Ахметжанова