Моноқала Риддерде мәдениет қайраткері Галина Чапаниди референдумға қатысты
2024 жылғы АЭС салу бойынша референдум ел көлемінде қарқынды өтуде. Риддер қаласындағы №130 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Галина Геннадьевна Чапаниди өз дауысын берді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Бұл – біздің еліміздің болашағы үшін маңызды қадам. Әрқайсымыздың дауысымыз шешуші рөл атқара алады. Бүгінгі таңдауымыз – ертеңгі күннің негізі», – деді ол.
Сайлау учаскесінің өкілдері дауыс берушілердің белсенділігі жоғары екенін атап өтті. Жергілікті тұрғындар ерте сағаттардан бастап сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда.
- Бұл референдумға қатысу арқылы әрбір азамат Қазақстанның болашағына өз үлесін қоса алады. Әсіресе, әртүрлі саланың мамандары референдумға үлкен жауапкершілікпен қарап отыр. Мәдениет, білім, медицина саласының қызметкерлері сайлауға белсене қатысуда,- дейді сайлау учаскесінің өкілдері.
Оқи отырыңыз