Шығыс Қазақстанның құтқарушылары қысқа дайындалуда
Көп жылдық тәжірибеге сүйене отырып, Шығыс Қазақстанда ұзындығы 256 шақырым болатын 130 қар басып қалатын учаскелер күшейтілген бақылауға алынатын болады. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 10 жылыту пункті мен 15 жол бойындағы бизнес нысанының жұмысы ұйымдастырылады. Ұлан ауданы Привольное ауылында тәулік бойы 1 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс аумағында 497 көшкін түсетін аймақтар бар. ШҚ "Қазселденқорғау" ММ филиалы облыстың қызмет көрсетілетін аудандары бойынша қар көшкіні қаупі бар кезеңге уақтылы дайындық мақсатында қар көшкіні маршруттарын әзірледі. Қар көшкіні қаупі бар кезең ішінде бақылаушылар апта сайын қар көшкіні қаупі бар учаскелерге жерүсті зерттеу жүргізеді және қажет болған жағдайда қар массасын түсіруді жүзеге асырады.
ШҚО ТЖД комиссия құрамында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ШҚОФ, ЖАО, ЖПҚ өкілдерінің қатысуымен "Қазақавтожол" ЖШС облыстық филиалының республикалық маңызы бар автожолдарды қыс мерзіміне дайындығына тексерулер жүргізіледі, нәтижелері бойынша дайындық актілерін жасалынатын болады.
"Қыс-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары шеңберінде облыстық Азаматтық қорғау қызметтерін қысқы кезеңнен өтуге тексеру жоспарланған.