KZ
Өскемен
небольшой снег Штиль
494.87 520.65 4.91

Облыс жолдарында 7 жылыту пункті жұмыс істейді

Фото: aikyn.kz

10.11.2023, 21:21 258 Ләззат Қанатқызы

Биыл қыста өңірдегі жолдарда барлығы 7 жылыту пункті жұмыс істейді.

Оның 4-еуі республикалық, 3-еуі облыстық тасжолдарда орналасқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Республикалық автожолда зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Привольное ауылында трассалық медициналық-құтқару пункті өз жұмысын бастайды. Сонымен қатар жылыту және тамақтану орындары ретінде 15 дәмхана жұмыс істейді.

- Өткен қыста көлік жолдарында 7 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, 168 адам құтқарылды. Зардап шеккендер болған жоқ. Қар үйінділерінен 7 бірлік техника эвакуацияланды, - дейді ШҚО ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы Ринат Қондыбаев.

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтің айтуынша, ауа райы салдарынан өткен жылы 147 жер жол қозғалысы шектелген.

- Барлық өндірістік үй-жайлар мен жылыту пункттері қысқы кезеңге дайын, көмір, жанар-жағармай және бірінші кезекте қажетті өнімдермен қамтамасыз етілді. 140 мың тонна көлемінде ЖЖМ қоры сатып алынып, облыстың ірі ЖЖМ жеткізушілерімен келісімшарт жасадық. Екі тоннадан астам көктайғаққа қарсы материал дайындалып, 130 уақытша жол белгілері сатып алынды, - деп атап өтті Нұржан Сайлаубекұлы.

1 қарашадан бастап жол құрылымдарының тәулік бойғы диспетчерлік қызметтері жұмысын қайта бастады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу